Бұдан былай оқушылар мектепте жаңа стандарт бойынша тамақтанады.

Бұдан былай оқушылар мектепте жаңа стандарт бойынша тамақтанады. Тамақтануды ұйымдастыру стандарты құжатының жобасын Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті дайындады. Құжатты талқылау желтоқсанның 17-не дейін жалғасады. Стандартқа сәйкес, асхана мәзірді ұйымның директорымен келісуі керек. Балаларға бір тағамды, гарнирлерді немесе аспаздық өнімдерді бір күн ішінде және келесі екі күнде қайталап беруге болмайды. 100 грамм тағамға 0,3 грамм тұз бен 5 грамм қанттан артық рұқсат берілмейді. Тағамның төрттен үш бөлігі көкөністер, жемістер, дәнді дақылдар, бұршақ дақылдары, жидектер, жаңғақтар, тұқымдардан тұруы керек. Майдың майлылығы кем дегенде 72% болуға тиіс.