Апелляциялық сот депутат Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Нұрасыл Болаттың ісін Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясы қарады. “Сотталушы мен оның адвокаттарының жеке шағымы қанағаттандырылмады. Апелляциялық қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді және кассациялық бақылауға жатпайды”, – деп хабарлады судья Нұржан Қарабаев. Судья Болат Нұрасыл пробациялық бақылау ережесін бұзды деп есептейді. Естеріңізге сала кетейік, қазанның 22-сі Алматы соты Нұрасыл Болаттың бас бостандығын шектеу жазасын пробация тәртібін бұзғаны үшін бас бостандығынан айыруға ауыстырды. Енді депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасының қалған 1 жыл 5 ай мерзімін орташа қауіпсіздіктегі колонияда өтейді.