ШҚО-да арнайы ХҚКО-ның бұрынғы басшысы сотталды

ШҚО-да арнайы ХҚКО-ның бұрынғы басшысы сотталды
Өскеменде ХҚКО-ның экс-басшысы жүргізуші куәлігіне емтихан тапсырушылардан 32 млн теңге жинап алған. «Азаматтарға арналған үкімет» порталының Өскемендегі мамандандырылған бөлімінің бұрынғы басшысы сотталды. Ол жүргізуші куәлігіне емтихан тапсырушылардан 32 млн теңге заңсыз сыйақы алған. Экс-басшы заңсыз ақшаға Өскеменнен екі бөлмелі пәтер сатып алып, үйді анасының атына ресімдеген. Кейін пәтерді жалға беріп отырған. Өзі күдікке ілінгеннен кейін пәтері тәркіленбес үшін оны үшінші адамға тіркеп үлгерген. Бірақ сот оны кінәлі деп тауып, 3 жылға бас бостандығын шектеді, құны 19,5 млн теңге тұратын екі бөлмелі пәтері тәркіленді.