Ауыл шаруашылығы саласында ₸142 млрд тиімсіз пайдаланылған

Ауыл шаруашылығы саласында ₸142 млрд тиімсіз пайдаланылған
Ауыл шаруашылығына жүргізілген аудит нәтижелері бойынша 142 миллиард теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланып, пайдаланылған. Бұдан бөлек, 2 миллиард теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Жоғары аудиторлық палата төрағасы Мәжіліс отырысында осылай деді. Әлихан Смайыловтың айтуынша, экономикалық шығындар мен жіберіп алған пайда шамамен 5 миллиард теңгеге жеткен. Қазір бюджетке 2 миллиард өтеліп отыр. Сондай-ақ 322 материал әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында органдарға жолданды. Алдағы уақытта 4 факт, құқық қорғау органдарының қарауына жіберіледі.