Джо Байден зорлық-зомбылыққа қытыссыз қылмыс үшін сотталған 39 адамға рақымшылық жасады. Сонымен қатар 1500-ге жуық сотталушының жазасын жеңілдетті. Бұл – елдегі президенттің бір күнде ең көп рақымшылық жасағаны болып есте қалады деп хабарлады Синьхуа ақпарат агенттігі. “Бұл оларға күнделікті өмірге қайта араласуға, өз қауымдастықтарының дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді. Америка мүмкіндіктер мен екінші мүмкіндік беруге негізделген”, – деді президент.