Америкалық Meta компаниясы Дональд Трампты ұлықтау қорына $1 млн аударды. Сарапшылар АҚШ-тың жаңадан сайланған Президенті мен Марк Цукерберг арасындағы қарым-қатынастың жақсара бастағанын айтты. Бұған дейін арада біраз түсініспеушілік туындаған. Марк Цукерберг Трамптың көші-қон саясатын қатаң сынға алған еді. 2021 жылы Капитолий шабуылынан кейін Meta құрамына кіретін Facebook-те Трамптың аккаунты бұғатталды. Шектеу былтыр ғана алынып тасталды.