ЖИ көмегімен жасалған: Балаева өз атынан белгісіз біреулер дауыстық хабарлама жіберіп жатқанын ескертті

ЖИ көмегімен жасалған: Балаева өз атынан белгісіз біреулер дауыстық хабарлама жіберіп жатқанын ескертті
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз атынан таныстарына дауыстық хабарламалар жіберіліп жатқанын айтып, қазақстандықтарға ескерту жасады. Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында кейінгі уақытта белгісіз біреулер өз атынан таныс және бейтаныс адамдарға жасанды интеллект көмегімен дауыстық хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кеткенін жеткізді. “Сіздерден осындай хабарламаларды елемеуді, бейтаныс нөмірлерді бұғаттауды сұраймын. Бұл – алаяқтардың әрекеті. Алданып қалмаңыздар. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар”, – деп жазды Балаева.