Қазақстанда есірткі курьерлері мен таратушыларға қатысты жаза мерзімі қысқаруы мүмкін. Сенат отырысында сенатор Нұрлан Бекназаров есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға қатысты жаңа 297-1-бапты енгізуді ұсынды. Бұл бапта заңсыз өндіріп, қайта өңдегені үшін мүлкін тәркілеумен бірге 5-10 жыл, ірі мөлшерде жасағаны үшін 6-12 жыл, ал алдын ала сөз байласқан бірнеше рет немесе аса ірі мөлшерде жасағаны үшін 10-15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Заң жобасында бұдан басқа, қызмет бабын теріс пайдаланған лауазымды тұлғалар үшін 15 жылдан 20 жылға дейінгі немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру ұсынылады. Сенаторлар заң жобасын бірден екі оқылымда қарап қабылдаған жағдайда, Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.