Ауылға баратын ерлі-зайыпты дәрігерлерге 20 млн теңге бір реттік үстемақы беріледі

Ауылға баратын ерлі-зайыпты дәрігерлерге 20 млн теңге бір реттік үстемақы беріледі. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты. Айтуынша, келесі жылдың бюджетінде қалалық жерге келген дәрігерлерге 5 млн теңге, ауылға барған дәрігерлерге 10 млн теңге жәрдемақы беру қарастырылған.