ТЖМ ұшақ апатынан мерт болған алты қазақстандықтың аты-жөнін жариялады

ТЖМ ұшақ апатынан мерт болған алты қазақстандықтың аты-жөнін жариялады
Қазақстанның төтенше жағдай министрлігі 25 желтоқсанда Әзербайжанның әуе компаниясының жолаушы ұшағы Маңғыстау облысы аумағында апатқа ұшырағанда қаза тапқан Қазақстанның алты азаматының аты-жөнін жариялады:
Астана қаласының тұрғыны, нотариус болып жұмыс істеген 49 жастағы Гаухар Шаймерденова мен оның 11 жастағы ұлы Елдар Жұмағат;
Қарағанды қаласында тұратын 29 жастағы дәрігер Сәлима Жұтаева;
Жаңаөзен қаласында мұнай компаниясында еңбек еткен 36 жастағы Сәндібек Төлесінов;
Жаңаөзеннің тағы бір тұрғыны, мұнай компаниясында жұмыс істеген 39 жастағы Бауыржан Жұмағұлов;
Ақтаулық кәсіпкер, 46 жастағы Галина Махсудова.
Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағында болған 67 адамның 38-і қаза тапты. Аман қалған 29 адам Ақтаудағы ауруханаға жеткізілген.