Маңғыстау облысындағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына қаржылай көмек беріледі

Маңғыстау облысындағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына қаржылай көмек беріледі
Бұл туралы апатқа байланысты құрылған үкімет комиссиясының сәрсенбідегі отырысында айтылды деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев апаттан зардап шеккендерге қолдау көрсету және қаза тапқандардың үй-ішіне көмек көрсету жөнінде тапсырма берген. “Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетіледі. Бұған қоса, апаттан қайтыс болған шетелдік азаматтардың Маңғыстау облысына келген жақындарына да қажетті көмек беріледі”, – деп хабарлады облыс әкімдігі.