Шымбұлақта шаңғы тебу құны 20 мың теңгеге дейін қымбаттады

Шымбұлақта шаңғы тебу құны 20 мың теңгеге дейін қымбаттады. Жыл сайын Жаңа жыл алдында жоғары маусым басталады. Оған 1 қаңтардан 12 қаңтарға дейінгі кезең жатады. Бұл кезеңде курортқа келушілердің саны артады. «Шаңғы трассасының құны тау бөктеріндегі жүктемені реттеу үшін уақытша осылай көтереміз. Ал 13 қаңтардан бастап баға бұрынғыша – 17 500 теңгеге (негізгі маусым) түседі. Ал жаңадан келгендерге бөлек тариф бар. Оның құны – 6 500 теңге», – дейді курорт өкілі. Шымбұлаққа жыл сайын 1,5 миллион адам келеді, бұл курорттың сыйымдылығынан үш есе көп. Қосымша ақпарат, турист тау шаңғы курортына бір келуге орташа есеппен 60-70 мың теңге жұмсайды. Мейрамханалардағы орташа баға 10-15 мың теңге, құрал-жабдықтарды жалға алу 10 мың, кіру билеті 17500, және нұсқаушы қызметі 22 мың теңгеге тең.