2025 жылы студенттердің стипендиясы қанша болады

2025 жылы студенттердің стипендиясы қанша болады

Ғылым және жоғары білім министрлігі биыл 1 қыркүйектен бастап елімізде студенттерге арналған стипендия мөлшері өсетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Бұдан бөлек 2025 жылы жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің стипендиясы 2 есе, ал магистранттар мен докторанттардікі 1,75 есе өседі.

бакалавриат студенттерінікі 52 372 теңгеге дейін;
педагогика және медицина бағытында білім алушылардікі 84 000 теңгеге дейін;
магистранттардікі 117 098 теңгеге;
докторанттардікі 262 500 теңгеге дейін өседі.
Емтихан сессиясын “өте жақсы” тапсырған жағдайда жоғары стипендия алу мүмкіндігі сақталады.Мемлекеттік стипендиядан бөлек, оқу озаттарына, олимпиада, шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздарына арналған президенттік стипендия бар. Оның мөлшері – 104 744 теңге және ол университеттің ғылыми кеңесінің шешімімен тағайындалады.

Президенттік стипендияны 3-курс студенттері мен 2-курс магистранттары ала алады. Бұл стипендияға бюджеттік және ақылы негізде оқитындар да үміткер бола алады.