Бортсерікке қол көтерді деген FlyArystan жолаушысы қамауға алынды

Бортсерікке қол көтерді деген FlyArystan жолаушысы қамауға алынды. Астана – Өскемен рейсінің 47 жастағы масаң күйдегі жолаушысы бортсеріктің ішінен ұрып, ұшақ бортынан шығарда “бомба” деп айқайлаған. Ер адамның бұзақылығынан рейс кейінге шегерілді. Астана әуежайының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жолаушыны ұстады. Аталған дәйек бойынша бұзақылық және терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлауға қатысты қылмыстық істер қозғалды. “Әуе кемесіне дереу тексеру жүргізіліп, оның барысында жарылғыш құрылғылар мен басқа да тыйым салынған заттар табылмады. Ер адам заң шеңберінде жауапкершілікке тартылады”, – делінген хабарламада.