Үкімет басшысы маркетплейстердің жұмысын ретке келтіруді тапсырды. «Қазақстандағы нарықтың ауқымды бөлігін шетел интернет-алаңдары алып жатыр. Оларды отандық тауарлар экспортын ұлғайту үшін тиімді пайдалануға болады. Екінші жағынан тұтынушылардың құқықтары мен зияткерлік меншікті, азаматтардың жеке деректерін қорғауға қатысты мәселе туындайды. Маркетплейстердегі тауарлардың сапасына қатысты сұрақтар да бар. Шетелдік алаңдар да, отандық маркетплейстер де сапаға кепілдік бере алмайды. Өнімнің түпнұсқалығы туралы ақпарат көбіне көрсетілмейді”,-деді Премьер-министр Олжас Бектенов.