Солтүстік Қазақстанда криптовалютамен айналысқандар сотталды. Цифрлық активтерді заңсыз айналымға шығарғандардан 215 млн теңгенің көлігі, 150 млн теңгеге тең жылжымайтын мүлік тәркіленді. Қаржылық мониторинг агенттігі осылай деп хабарлайды. Олар лицензиясыз криптовалюта қабылдау мен айырбастау операцияларын жүргізген. Жалпы айналым сомасы 681 млн теңгеден асып жығылады. Сот үш күдіктіні 2,5 жылдан 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Мұндай құрылымдардың қызметтерін көбіне кибералаяқтар мен есірткі заттарын өткізушілер пайдаланады. Заңсыз криптовалютамен айналысқандар осы схемалары арқылы былтыр есірткіден 10 миллиард теңге табыс тауыпты.