Газаға БҰҰ-ның гуманитарлық көмегі келіп жетті. Бұл Израиль мен ХАМАС арасындағы бейбіт бітімнен кейінгі жеткізілген алғашқы гуманитарлық көмек. Жүк көліктерін Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы жіберген. Гуманитарлық көмек құрамында тамақ пен дәрі-дәрмек бар. Ұйым Газаға күніне 150 жүк көлігіне дейін жіберуге дайын екендерін айтып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы сарапшыларының есептеуінше, шекара бойына жинақталған гуманитарлық көмек қоры бір айда 1 миллионнан астам адамды асырауға жетеді.