Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов бос уақытында ойын ойнамақшы

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов бос уақытында ойын ойнамақшы
Бұл туралы премьер-министр үкімет сағатында айтты. Жиында ойын компаниясының бас директоры Роман Глиницев стартаптардың өнімімен таныстырды. Компания басшысы өз ойынының аудиториясы 60 млн-нан асатынын, бір күнде ойынды 400 мың адам тұтынатынын айтты. Ал 2024 жылы компанияны табысы 24 млн долларды құраған. Бектенов бұл ойынды App Store-дан жүктеп алу мүмкіндігі жайлы сұрады. «App Store бар болса, жүктеп алып, бос уақытымда ойнап көрем. Ойнасаң, қазақстандық ойындарды ойнау керек. Мен барлық әріптестерімді осыған шақырам. Өйткені біздің әріптестердің арасында ойын ойнайтын жастар бар екенін білем. Сондықтан ойнайтын болсаңыздар, өз ойындарымызды ойнаңыздар», – деді премьер министр.