Қазақстан қарулы қақтығыс болуы ықтимал елдер тізіміне қосылды

Қазақстан қарулы қақтығыс болуы ықтимал елдер тізіміне қосылды
Global Risk Report зерттеуі Қазақстанды қарулы қақтығыс болуы ықтимал мемлекеттер қатарына қосты. Есепте алдағы екі жылда қауіп төндіруі мүмкін жағдайлар туралы жазылған. Global Risk Report мұндай геосаяси тәуекел аймағына 12 елді кіргізеді. Оның ішінде Қазақстан да аты аталады. Онда тәуекел аймағына кірген мемлекеттердің басшыларын биологиялық, химиялық немесе ядролық қару, өзге қатерлер мен геоэкономикалық қақтығыстар мазалайтыны жазылған. Нақты елдер бойынша сын-қатерді қарастырғанда, есепте Қазақстан туралы мынадай тәуекелдер келтіріледі: Қаруласқан қақтығыстар, Экономикалық құлдырау, Су ресурстарының жетіспеушілігі, Кедейлік пен теңсіздік және Инфляция.