Сенатор көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салу жайлы нормаға пікір білдірді

Сенатор көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салу жайлы нормаға пікір білдірді. Марат Қожаев бұл жазаны алып тастауды қолдамайтынын айтты. “Көлікті 5 минут қыздыру жеткілікті. Заманауи көліктер арнайы техникалық тұрғыдан жабдықталған. Тоқтап тұрғанда көліктің тежеуішін басқанда, көлік өшіп қалады. Бұл ауаны аз ластау үшін жасалған. Көлік қозғалыс кезінде тез қызады, сол кезде қорғаныс оксиді аз бөлінеді. Бұл адамдардың игілігі үшін істелген. Иә, бізде көліктердің техникалық жағдайы көңіл көншітпейді. Уақыт өте көліктер жаңарады. Ал ескі көліктер белгілі уақыттан кейін қолданыстан шығарылады. Оған дейін иә, айыппұл төлейді”, – деді сенатор Марат Қожаев.