“Наурыз жұмыскер” жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салалары қызметкерлерін қамтиды. “Наурыз жұмыскер” бағдарламасы аясында жұмысшы мамандықтары өкілдеріне 72 млрд теңге көлемінде 2 440 несие беру жоспарланып отыр. Отбасы банк өтінімдерді 17 наурызда қабылдауды жоспарлап отыр. Бағдарлама талаптары бойынша азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін 7% және қалған барлық санаттар үшін 9%-дық мөлшерлемемен несие беріледі. Бастапқы жарна – 10%. Ал қайталама нарықтағы тұрғын үйді сатып алу үшін бастапқы жарна 20%-дан басталады. Несиенің ең жоғары сомасы облыстар үшін 30 млн теңге, Астана мен Алматы қалалары үшін 36 млн теңге.