“Тарифтер көтеріле береді”: вице-премьер тұрғын үй жәрдемақысы кімге берілетінін айтты

“Тарифтер көтеріле береді”: вице-премьер тұрғын үй жәрдемақысы кімге берілетінін айтты
Премьер-министрдің орынбсары Қанат Бозымбаев коммуналдық тарифтерді төлеу жағынан кімдерге жеңілдік жасалатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Үкіметте өткен брифингте вице-премьер алдағы уақытта тарифтердің өсе беретінін тағы бір мәрте еске салды. “Егер бір отбасының табысында коммуналдық қызметтерге кететін шығындардың көлемі 5-10 проценттен асып кетсе, жергілікті бюджеттің есебінен көмек беріледі. Оларға республикалық бюджеттен қаржы бөлу керек болып жатса, оған да көмектесеміз”,-деді Бозымбаев.