«Давайте, жұмыс істеңдер»: Тоқаев Жұманғариннің баяндамасынан кейін не айтты
Вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жаңа салық саясаты туралы баяндамасынан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ол саясатты қолдады. Жұманғариннің баяндамасынан кейін Тоқаев ұлттық қордан алынатын ақшаны барынша азайту керек екенін айта келе «Давайте, жұмыс істеңдер!» деп тапсырма берді. Айта кетейік, үкімет бүгін Қазақстанда қосымша құн салығын өсіру туралы ұсыныс айтты. Вице-премьер Серік Жұманғарин қосымша құн салығы көбейсе, үкімет жәрдемақы, зейнетақы, атаулы әлеуметтік көмекті де көбейтеміз деген уәде берді. Сондай-ақ, бюджет жұмыс берушілердің әлеуметтік салығы мен зейнетақы жарналарын өз мойнына алады деген жоспарын айтты.