Тоқаев үкіметке екінші АЭС-ке орын іздеуді тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі атом электр станциясының құрылысын жеделдету, сондай-ақ екінші атом электр станциясы салынатын жерді іздеуді тапсырды. Президенттің айтуынша, энергия тапшылығы артып келеді. Сондықтан алғашқы Атом электр стансасының құрылысын тездету қажет. “Үкімет пен Парламент екінші ядролық стансаны қай аймақта салу қажет екені жөнінде маған ұсыныс беруі керек. Бірақ атап өткім келеді: елімізге ядролық қуат керек, онсыз Қазақстан келешекте ойдағыдай дами алмайды. Қуат дегеніміз – бүкіл экономиканың дамуы деген сөз. Екіншіден, қуат жеткілікті болса, барлық аймақтар гүлденіп, өркендей түседі, халықтың тұрмысы жақсарады. Бұл – айдан анық”, – деді Тоқаев.