Екінші деңгейлі банктер ел экономикасына көмектесуі керек – Тоқаев

Екінші деңгейлі банктер ел экономикасына көмектесуі керек – Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында екінші деңгейлі банктер ел экономикасына көмектесуі керек екенін айтты. Тоқаевтың айтуынша, 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін бірқатар ірі банкке мемлекет тарапынан, соның ішінде Ұлттық қор есебінен 15 жыл мерзімге қаржылай қолдау көрсетілген. «Бұл көмек банк акционерлері де ортақ жауапкершілікке ие болады деген талаппен берілді. Кейбір банктер өз шығындарын әлдеқашан өтеген. Бірақ мемлекеттің иелігіндегі қаржыны қайтаруға асықпайды. Тіпті оны жоғары пайызбен тәуекелі аз мемлекеттік қаржы құралдарына салып, кепілді табыс тауып отыр. Үкімет пен Ұлттық банкке шара қабылдауды тапсырамын. Бір нәрсені атап өткім келеді: банктер Үкіметтің, соның ішінде халықтың жауы емес. Бірақ диалог негізіндегі әділ серіктестік орнауға тиіс. Кезінде сіздерге көмектестік, енді сіздердің кезектеріңіз келді», – деді мемлекет басшысы.