Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітте шәкірттерге аяғын уқалатқан Смановқа ескерту жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітте шәкірттерге аяғын уқалатқан Смановқа ескерту жасады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітте шәкірттерге аяғын уқалатқан Смановқа ескерту жасады. Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметі хабарлады. «Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мешітте болған оқиға әлеуметтік желілерде тарап, қоғамның түрлі пікір қайшылығын тудырды. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті орында қоғам наразылығын тудырған әрекетке жол бергені үшін мешіт имамына ескерту жасады», – деп жазылған хабарламада. Діни басқарма «құлшылық үйіне келген адам мешіт әдебін сақтауы тиіс» деп ескертеді. Әбдіжаппар Смановтың мешітте аяғын уқалатып отырған видеосы Сарығаштағы медресе-колледжде 11 наурызда таң намазында түсірілген. Бұл мекеме Смановтар әулетіне қарайды. Ол жерде 400-ге жуық бала білім алады.