Сенатор Қожаев жүргізуші куәлігін беру тәртібін қатаңдатуды ұсынды

Сенатор Қожаев жүргізуші куәлігін беру тәртібін қатаңдатуды ұсынды
Қазақстанда көлік жүргізуге рұқсат беру процесі тым жеңілдетілген, сондықтан бұл механизмді қайта қарау қажет. Осылай деп мәлімдеген сенатор Марат Қожаев жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібін қайта қарауды ұсынды. «Еңбек жолымның бастапқы кезеңінде менде осындай көптеген істер болды. Сіздерге айтарым: автокөлікке қол жеткізу біздегідей жеңіл болмауы керек. Бізде жүргізуші куәлігін алу өте оңай», – деп атап өтті Қожаев. Оның айтуынша, әлемнің көп елінде жүргізуші куәлігін алу— күрделі процесс.