Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында 5,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында салынатын “Орталық Азия” халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығында 5 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл орталық 100 гектар аумақты қамтып, жаңа өндірістік және логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жоба аясында 2032 жылға дейін 50 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады. Қазіргі таңда бес компания өз ақшасын салып, орталық аймағында зауыттар салуға мүдделі. Олардың арасында жеміс-көкөніс өндірісін дамыту, азық-түлік зауыты және логистикалық кешен бар. Орталықтың техникалық іске қосылуы 2026 жылы, ал ресми ашылуы 2027 жылдың алғашқы жартыжылдығында жоспарланған.