Алматыда микроқаржы ұйымдары клиенттерін кепілдік шарттар жасауға мәжбүрлеген

Алматыда микроқаржы ұйымдары клиенттерін кепілдік шарттар жасауға мәжбүрлеген. Аталған қызмет үшін бастапқы несие сомасынан бірнеше есе асып түсетін төлемдер алып, азаматтарды қарызға батырған. Нәтижесінде қарыз алушылар несиенің бастапқы сомасынан 3-5 есе көп төлем жасауға мәжбүр болған. Ұйымдардың заңсыз әрекеттерін Алматы қаласы бойынша қаржы мониторингі агенттігі әшкереледі. Аталған заңсыз әрекеттерден жалпы сомасы 30 миллиард теңге шығын келген. Қазіргі таңда “Creditum” МҚҰ, “Sofi Finance” МҚҰ, “Hava Finance” МҚҰ, “SF Offline” МҚҰ, “POS Credit” МҚҰ, “Сәлем Кредит” МҚҰ басшылығына қатысты алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік қызмет бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.