Алматыда тұраққа қою ережелерін бұзған көліктерді анықтайтын бейнебақылау камералары орнатылған

Алматыда тұраққа қою ережелерін бұзған көліктерді анықтайтын бейнебақылау камералары орнатылған. Пилоттық режимде 1 ай бұрын іске қосылған «Сергек» мыңға жуық заң бұзушылықты тіркеп үлгерген. Жаңа қызмет қосылған камералар екінші қатармен қойылған көліктерді де анықтайды. Мұндай «Сергек» камералары Алматының Сәтбаев көшесінің бойында Достық даңғылынан Уәлиханов көшесіне дейінгі аралықта орнатылған.