Алматы маңында апатқа ұшыраған АН-26 техникалық ұшағы аукционда сатылды. “Қазарнаулыэкспорт” республикалық мемлекеттік кәсіпорны ұшақтың бастапқы бағасын 1 351 494,75 теңге деп белгіледі. Аукционға қатысу үшін 810 897 теңге кепілдік жарна төлеу міндет. e-qazyna.kz сайты осылай деп мәлімдеді. Сауда қорытындысы бойынша, сатып алушы ұшақ сынығын 1 416 200 теңгеге алған. Сатып алушының аты-жөні белгісіз. Ұшақ сынығын шығару мерзімі – сатушы рұқсат берген сәттен бастап 30 жұмыс күні. 1978 жылы шығарылған техникалық ұшақтың салмағы – 14,6 тоннаға тең. Естеріңізге сала кетейік, аталған АН-26 әскери ұшағы 2021 жылы наурыздың 13-і апатқа ұшыраған болатын. Бортта болған алты адамның төртеуі қаза тапқан еді.