Қазақстанда шетелдік маркетплейстер салық төлемесе бұғатталуы мүмкін

Қазақстанда шетелдік маркетплейстер салық төлемесе бұғатталуы мүмкін. Елімізде қосымша құн салығы (ҚҚС) бойынша жаңа талаптар енгізіліп жатыр. 2022 жылдан бері электрондық саудамен және онлайн қызметтермен айналысатын Apple, Amazon, Alibaba, Netflix, TikTok, Google секілді 105 шетелдік компания ҚҚС төлеуге міндеттелген. Жаңа Салық кодексінің жобасында шетелдік маркетплейстерге салық салуды реттейтін нормалар қарастырылған. Егер компания Қазақстанда ҚҚС төлеуші ретінде тіркелмесе немесе заңбұзушылықтарды жоймаса, оның сайты бұғатталуы мүмкін, – деді премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин.