Audi Трамптың баж салығына байланысты АҚШ-қа көлік жеткізуді тоқтатты

Audi Трамптың баж салығына байланысты АҚШ-қа көлік жеткізуді тоқтатты. Неміс автомобиль өндірушісі орталықтарға баж салығы әсер етпейтін қойма қорларынан көліктерді сатуды жалғастыра беруді тапсырды. Қазіргі уақытта Audi-дің АҚШ-та 37 мыңнан астам автокөлігі бар. Одан бұрын Volkswagen автоконцерні де жаңа көліктердің жеткізілуін тоқтатты. Естеріңізге сала кетейік, 26 наурызда Трамп әкімшілігі елден тыс жерде шығарылған барлық жеңіл автомобиль мен жүк көлігіне 25 пайыздық баж салығын енгізген еді. Ақ үйдің бағалауынша, бұл шара жыл сайын шамамен 100 миллиард доллар баж түсімін жинауға мүмкіндік береді.