Сауда соғысының бәсеңдеуінен Brent маркалы мұнайдың бағасы 64 долларға көтерілді

Сауда соғысының бәсеңдеуінен Brent маркалы мұнайдың бағасы 64 долларға көтерілді. Бүгін Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 64,78 долларға дейін артты. Ал бір күн бұрын мұнай бағасы рекордтық деңгейде төмендеп, барреліне 59,89 долларға тең болған еді. Бұған Трамптың сауда соғысын уақытша тоқтатуы себеп болды деген болжам бар. Естеріңізге салайық, 3 сәуір күні АҚШ президенті Дональд Трамп 180-нен астам елге жаңа салық тарифтерін енгізетінін мәлімдеген еді. Кейін ол Қытайдан өзге елдерге тарифтердің енгізілуін 90 күнге кідіртті.