Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстан жерлерінің қытайлықтарға беріліп жатқаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. “Мұны жер ресурстары комитеті бақылауда ұстайды. Себебі жер кодексіне байланысты шетелдік азаматтарға ешқандай жер берілмейді. Жалға да берілмейді. Ешқандай жер беріліп жатқан жоқ. Бұл – фейк. Өзіміздің шаруалар жұмыс істеп жатыр, – деді министр Айдарбек Сапаров.