Елімізде картоп бағасының қымбаттауына бірнеше себеп бар. “Жас картоп бағасының қымбаттауына оны өсіру технологиясы әсер етеді. Ондай картоп Түркістан, Сарыағаш өңірлерінде пленка астында өсіріледі. Яғни, өсіру технологиясына қосымша шығын шығады – соған байланысты. Екіншіден, импортталған картопқа маусымаралық кезеңде сұраныс жоғары болды. Қабығы жұқа дегендей оның сыртқы түрі өте тартымды, егіс алқабынан жаңа ғана терілген картопқа сұраныстың артуы оның бағасына әсер етеді”, – дейді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов. Ол жергілікті дүкендердегі мұндай картоптың бағасын Ауыл шаруашылығы министрлігі реттемейтінін, жас картоп “премиум” тауар болып саналатынын айтты. Тауарлардың әртүрлі санаты бар, соның ішінде реттеуге жататындары бар. Бүгін картоптың құны 400 теңге. Бұл әлеуметтік картоптың бағасы.