Қазақстандықтардың мойнында қанша кредит бар

Қазақстандықтардың банк алдындағы қарызы жылдан жылға артып келеді. 2023 жылы көктемде халықтың жалпы несиесі 14,9 трлн теңге болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 23,3 трлн теңгеге жетіп, екі жылда 56%-ға өскен. Бүгінде тұтынушылық несие көлемі кәсіпкерлік мақсаттағы несиеден 3,8 трлн теңгеге көп. Экономикаға берілген жалпы кредит көлемі 42,8 трлн теңге болып, бір жылда 20%-ға ұлғайды. Бұл несиенің 85%-дан астамын банк секторы береді – олардың үлесі 36,6 трлн теңге. Ал банк емес ұйымдардың кредиті 6,1 трлн теңгеге жетті, оның ішінде микроқаржы ұйымдары 2,9 трлн теңге несие берген.