Қазақстанда тіркелген автокөліктер саны 2025 жылғы 1 мамырдағы мәлімет бойынша 6 миллион 175 мыңға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлайды. Жеңіл көліктер – негізгі үлесті құрап отыр, олардың саны 5 миллион 340 мың. Сондай-ақ, елде 640 мың жүк көлігі, 117 мың автобус және 115 мың мотоцикл тіркелген. Көлік саны бойынша Алматы қаласы алда – мұнда 717 мың көлік бар. Одан кейін Алматы облысы – 663 мың, ал Астана қаласында – 456 мың көлік тіркеуде тұр. Көліктердің басым бөлігі бензинмен жүреді, қозғалтқыш көлемі 2,5 литрге дейін. Ал жолда жүрген темір тұлпарлардың көбінің шыққанына 20 жылдан асқан – олардың саны 2 миллион 266 мың. Жаңа көліктер аз – 3 жасқа дейінгілер тек 7 пайызды ғана құрап отыр.