Қазақстанда 15 мың адам балаларына 19 млрд теңге алимент қарыз

Қазақстанда 15 мыңдай адам балаларына 19 млрд теңге көлемінде алимент төлеуі керек. Бұл туралы Әділет министрлігі Міндетті атқару комитетінің төрағасы Мақсат Балабеков мәлімдеді. 2025 жылы алимент бойынша 1,6 млрд теңге өндірілген, бірақ проблемалық алименттер саны 15 мыңға жетіп, берешек көлемі 19 млрд теңгеге жеткен.