Алматы метросында турникеттер жаңартылады

Алматы метросында турникеттер жаңартылады. Енді жолаушыларға жолақыны төлеу ыңғайлы болады. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі осылай деп хабарлайды. Осы жылдың күзіне қарай жолаушылар жолақыны банк картасы немесе смартфон арқылы төлей алады. “Бұған дейін банк картасымен касса арқылы немесе арнайы бір турникет арқылы ғана төлеутін. Енді барлық бекеттегі турникет байланыссыз төлем жүйесімен жабдықталады. Бұл жолаушылардың өту үдерісін едәуір жеделдетіп, жол жүруді әлдеқайда ыңғайлы етеді. Енді кезекте тұрудың қажеті жоқ – тек картаңыз немесе смартфоныңыз болса жеткілікті”, – делінген хабарламада.