Қытай ғалымдары жасанды жаңбыр жаудыру бойынша эксперимент жүргізді

Қытай ғалымдары жасанды жаңбыр жаудыру бойынша эксперимент жүргізді. Олар мұны Шыңжаң-Ұйғыр аймағында дрондардың және күміс йодидінің көмегімен жасады. Нәтижесінде ғалымдар 70 000 текше метр жаңбыр жауғызды, бұл шамамен 30 олимпиадалық жүзу бассейніне тең. Ecospere.press басылымы осылай деп хабарлайды. Тянь-Шань тауларының етегіндегі Баянбұлақ жайлауында дрондар 5000 метр биіктікте қозғалып, әрқайсысы 125 граммнан күміс йодид ұнтақтарын шашты. Ғалымдар жауын жауғызуға бұлт қабаттарын дәл өңдеу арқылы қол жеткізілгенін айтады. Күміс йодидімен бұлттарға әсер ету технологиясы XX ғасырдың ортасынан бері бар, бірақ дрондарды пайдалану дәлдікті арттырып, экологиялық қауіптерді азайтты. Зерттеу авторларының бірі Ли Биннің айтуынша, бұл технология су және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды құрал болып есептеледі.