Алматыда жыл соңына дейін электр қуаттау бекеті пайда болады

Алматыда жыл соңына дейін электр қуаттау бекеті пайда болады. Ол үшін “Алматы” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы 311 жер учаскесін бөлді. Бүгінде Алматыда тіркелген сегіз мыңнан аса электромобиль жүргізушілері осы бекеттерде көліктерін қуаттай алады. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, отандық инвесторлар бекеттердің әрқайсысын конкурс арқылы орнатады. Әр бекетте екі автотұрақ болады. Бекеттер халық көп жиналатын жерлерге орнатылады. Экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған жоба 2029 жылға дейінгі электр көліктер инфрақұрылымын дамыту жөніндегі “жол картасы” аясында жүзеге асырылып жатыр.