Елдегі банктер арасында телефон нөмірі бойынша ақша аудару және QR-мен төлем жасау маусым айында іске қосылмақ

Елдегі банктер арасында телефон нөмірі бойынша ақша аудару және QR-мен төлем жасау маусым айында іске қосылмақ. “Бүгінгі таңда банктерді кезең-кезеңімен жүйеге қосу жүргізіліп жатыр. Ұлттық төлем корпорациясы 9 банкпен келісімшартқа отырды. Маусым айында алғашқы бес банктің клиенттері үшін телефон нөмірі бойынша банкаралық аударымдар қолжетімді болады деп күтіп отырмыз, содан кейін бұл жүйеге барлық банк қосылады. Банкаралық QR төлемдері жыл соңына дейін жұмыс істейді”, – деді Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Бинұр Жәленов.