Ипотека алу талаптары өзгертіледі. Енді Отбасы банкіндегі несиені өтеп, екінші үй алу үшін қайта депозит ашып, кем дегенде үш жыл қаражат жинау керек. Бұған дейін несие мерзімінен бұрын ерте өтелсе, депозитті басқа ипотека алуға, қайта қолдануға рұқсат берілетін. “Біз салымшыларға депозит санынан, несие санынан шектеу қоймаймыз. Бір адам 10 немесе 20 депозитке дейін аша алады. Сол әр депозит бойынша несие ала алады. Бұл енді жабық жүйе болған соң, бүкіл салымшы бір-бірін қаржыландырып, депозитерін толықтырып, содан банк тұрғын үй займдарын береді”, – дейді “Отбасы банк” АҚ банк өнімдерін әзірлеу басқармасының бастығы Жанболат Калменов. Бұл өзгерістер маусымның екісінде күшіне енеді.