Қазселденқорғау ШҚО филиалының басшысы 3 жылға сотталды

Қазселденқорғау ШҚО филиалының басшысы 3 жылға сотталды. Мекеме басшысы С. Станбеков қала тұрғынын филиалға жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,7 млн теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған. Сот оны мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырды. Антикор ослай деп мәлімдеді. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. Қосымша ақпар, сыбайлас жемқорлықтан тәркіленген ақшаға 89 мектеп салынып жатыр.