Алматы облысындағы оқушы өліміне байланысты мектеп директоры жұмыстан шығарылды

Алматы облысындағы оқушы өліміне байланысты мектеп директоры жұмыстан шығарылды. Естеріңізге сала кетейік, оқушы шампурдан қаза тапқан еді. «Қазіргі таңда «Қасақана адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалып, кәмелетке толмаған күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеушілер Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабы бойынша жергілікті әкімдікке ұсыныс берді. Мектеп директоры қызметінен босатылды. Оның орынбасары мен екі сынып жетекшісі тәртіптік жазаға тартылды», – деді Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.