Семейде “Rakhat 0425” қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Семейде “Rakhat 0425” қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Екі күдікті қамауға алынып, үшіншісіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қаржылық монитринг агенттігінің мәлімдеуінше, қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар тұрғындардан қаражат тартып, мемлекеттік сатып алуға қатысы бар жалған инвестициялық жобаға 30% дивиденд уәде еткен. Нәтижесінде 350 адамнан 790 миллион теңгеден астам қаражат жиналған. Күдіктілер тұрғындарды пәтерін төмен бағамен беруге көндіріп, кейін оларды үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген. Бұл мүлік “инвестициялық жарна” ретінде бағаланған.