Ресейде балаларға энергетикалық сусын сатқаны үшін айыппұл енгізілді

Ресейде балаларға энергетикалық сусын сатқаны үшін айыппұл енгізілді. Айыппұл ақысы үш миллион теңгеден асады. Тиісті заңға ел президенті Владимир Путин қол қойды. Сондай-ақ көлемі 500 миллилитрден асатын банкаларды сатуға тыйым салынды. Бұл шаралар кәмелетке толмағандардың денсаулығын сақтауға бағытталған. Жергілікті биліктің айтуынша, энергетикалық сусындарды ішу жүрек-қан тамырлары ауруларына және артық салмаққа әкеп соқтырады. Елде балаларға сергітетін сусындарды сатуға тыйым наурыз айынан бастап енгізілгенімен, жазалау шаралары енді ғана күшіне енді.