Шымкентте баланы ұрған балабақша тәрбиешісінің көмекшісі қамауға алынды. Әйел балаларды сызғышпен ұрып, тепкілеп, қолдарынан сүйреген. Оқиға қаладағы “Ай Көркем” жекеменшік балабақшасында болған. Бейнебақылауға түсіп қалған сұмдық жағдай ата-аналардың шағымынан кейін белгілі болған. Балабақша басшылығы қызметкердің жұмыстан шығарылғанын хабарлады. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар кадр тапшылығы мен тәрбиешілердің жүктемесіне байланысты жиі кездеседі.