Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі тарап кетуіне қатысты түсініктеме берді. Министрдің айтуынша, деректер интернетке әлдеқашан тарап кеткен және оны белгілі бір тұлғалар бір дерекқорға жинаған. “Ол жаңа деректер емес. Мемлекеттік деректер базасы бұзылған жоқ. Желіде тарап кеткені тарихи деректер болуы мүмкін. Ол қазіргі уақытта даркнетте қолжетімді. 2024 жылғы 1 мамырға дейінгі деректер. Telegram арналарында пайда болған кезде, біз оны бұғаттаймыз. Жаңа деректер тараған жоқ”, – дейді Мәдиев.